«ҚҰРЫЛЫС» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

Енгізілді: 15.04.2026Қаралғаны: 1542 рет

«ҚҰРЫЛЫС» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

ҚОНАҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

 

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Қызылорда «Болашақ» университеті «Инжиниринг және логистика» кафедрасына қарасты 6В07301-«Құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттеріне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Сәулет және құрылыс өндірісі» білім беру бағдарламасының докторанты Тұрсынқожа Нұрболат Оразханұлы «Азаматтық ғимараттардың эксплуатациялық мерзіміне динамикалық жүктемелердің әсері» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрісте азаматтық ғимараттардың эксплуатациялық мерзіміне динамикалық жүктемелердің әсер ету заңдылықтары, олардың құрылымдық сенімділікке ықпалы және бұл әсерлерді ескерудің заманауи әдістері мен практикалық тәсілдері қарастырылды. Қонақ спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кафедра профессорлары Ә.Тәжібайұлы, Е.Т. Қодаров, М.А. Ембергенов дәріс соңында сөз алып, бүгінгі дәрістің білім алушылар үшін маңыздылығына тоқталып, қазіргі құрылыс саласында ғимараттарға әсер ететін динамикалық жүктемелердің (сейсмикалық әсерлер, жел, көлік вибрациялары) қарқындылығының артуына байланысты өз ойларын ортаға салды.

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. Н.К.Келмағамбетов дәріс барысында білім алушылардың жаңа мәліметтер алып қана қоймай, білімдерін  тереңдетіп,  ғылыми тұрғыдан ой-өрістерін кеңейтуге  мүмкіндік алғанын тілге тиек етті.