ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ БЕЛГІСІ

Енгізілді: 20.04.2026Қаралғаны: 195 рет

ҰЛТТЫҚ  КІТАП  КҮНІ – РУХАНИ  САБАҚТАСТЫҚ  БЕЛГІСІ

 

Ұлттық кітап күніне орай Қызылорда «Болашақ» университеті «Жаратылыстану және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мазмұнды әрі тағылымы терең іс-шара өткізді. Мереке аясында аға буын ұстаздар жас оқытушыларға кітап сыйлап, білім мен тәжірибенің сабақтастығын айшықтайтын өнегелі дәстүр көрсетті.

Кітап – тек білім көзі ғана емес, рухани байланыс пен құрметтің белгісі. Аға буын ғалымдардың жас мамандарға тарту еткен  кітаптары – олардың кәсіби жолына бағыт-бағдар беріп, ғылыми ізденістеріне серпін беретін құнды сый. Бұл игі бастама кафедра ұжымындағы ынтымақ пен өзара сыйластықты нығайта түсті.

Шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін дәріптеу, рухани құндылықтарды ұлықтау және жас буынға өнеге көрсету. Ұстаздар қауымы студенттерді де үздіксіз ізденуге, кітаппен дос болуға шақырады.
Кітап – ұрпақтар арасын жалғайтын алтын көпір!

Оқу – дамудың кепілі!