БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ
Енгізілді: 17.04.2026Қаралғаны: 202 рет
БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ
Бүгін Қызылорда «Болашақ» университеті «Инжиниринг және логистика» кафедрасына қарасты 6В07301-«Құрылыс» білім беру бағдарламасының С-25-1 оқу тобы студенттері Сисен Нұрмұхаммед Тұрғанбайұлы мен Балтабек Оңталап Ғабитбекұлы техника ғылымдарының кандидаты Н.К. Келмағамбетовтың жетекшілігімен талантты жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту және білім алушылардың техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы ұйымдастырған халықаралық және республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.
Олимпиаданың ашылу салтанатында сөз алған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Бәйдібеков Әуез Кеңесбекұлы олимпиадаға қатысып отырған отандық және шетел жоғары оқу орындары өкілдерін таныстырып, Сызба геометрия пәнінің тарихына тоқталды.
Отандық және шетелдік әріптестер бұл олимпиаданың білім алушылар үшін маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы техникалық бағыттағы білім беру бағдарламаларында Сызба геометрия пәнінің қарастырылмауы да сөз болды.
Қазақша
Русский
English














