АШЫҚ ДӘРІСТЕР ЛЕГІ ӨТТІ
Енгізілді: 16.04.2026Қаралғаны: 177 рет
АШЫҚ ДӘРІСТЕР ЛЕГІ ӨТТІ
Конституциялық реформалар, әдетте, қоғам сұранысынан туындайды. Уақыт өте келе ескі нормалар заман талабына жауап бере алмай, жаңа өзгерістерді қажет етеді. Жаңа Конституция елдің жаңаруына, демократиялық институттардың нығаюына және азаматтық қоғамның дамуына серпін береді.
Осынау маңызды құжатты жас буын ұрпаққа ұғындыру – оқу орнының негізгі бағыттарының бірі.
Қызылорда «Болашақ» университеті де жаңа Конституцияның мәнін ашып, мағынасын түсіндіру үшін студенттерге ашық дәріс легін ұйымдастырды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Әкімшілік полиция бөлімі Патрульдік полиция батальонының взвод командирі, полиция капитаны Насыров Бағдат Болатбекұлы білім алушыларға Ата заңның табысты жүзеге асырылуы туралы тұшымды дәріс оқыды. Дәрісте Конституцияның мәні, ондағы жаңадан енгізілген нормалар түсіндірілді.
Қазақша
Русский
English














