КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ
Енгізілді: 17.04.2026Қаралғаны: 9 рет
КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ
2026 жылғы 17 сәуір күні «Болашақ» университеті Инжиниринг және логистика кафедрасының оқытушылары мен студенттері арасында кітап сыйлау акциясы болып өтті.
Аталған шараның мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және білім алмасу мәдениетін қалыптастыру.
Мұндай бастама студенттердің белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Кітап – ойдың азығы, рухтың байлығы.
Қазақша
Русский
English














