КӨРЕРМЕНГЕ БЕРЕРІ МОЛ КӨРІЛІМ
Енгізілді: 30.04.2026Қаралғаны: 23 рет
КӨРЕРМЕНГЕ БЕРЕРІ МОЛ КӨРІЛІМ
2026 жылдың 30 сәуірі күні Қызылорда «Болашақ» университетінің студенттеріне жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстық іс-әрекеттің алдын алу мақсатында түсірілген «Не книжная закладка» және «Хулиганка» фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында көрсетілген туынды өте өзекті мәселелерді қозғаған – жастар арасында есірткінің таратылуы және топтық төбелес немесе бұзақылық.
Іс-шараның ерекшелігі – өмірде болған оқиғаға негізделген, прототиптері өздері сияқты жастар қатарынан болғандықтан білім алушылардың алған әсерінің шынайылығы. Оны қысқаметражды фильмдерді тамашалағаннан кейінгі орын алған дискуссия барысында айтылған пікірлерден көруге болады.
Тыңдалымнан гөрі жас санасының тез қабылдауына әсер ететін көрілімнің көрерменге берері мол болды
Қазақша
Русский
English














