ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕРОЛИКТЕР КӨРСЕТІЛІМІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Енгізілді: 22.05.2026Қаралғаны: 6 рет

ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕРОЛИКТЕР КӨРСЕТІЛІМІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінің білім алушыларына жастар арасында заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру және  жауапты мінез-құлықты насихаттау мақсатындағы деректі фильмдер мен әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Шараға Қызылорда  облысы Полиция департаменті Профилактика және үйлестіру басқармасы бастығының  орынбасары Р.Жақсылықов, Қызылорда облысы Полиция департаменті Профилактика және үйлестіру басқармасының бөлім бастығы Б.Ануаров, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары  Н.Күдебаев,  Қызылорда қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.Рысбеков, Қызылорда «Болашақ» университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры А.Смаилова қатысты.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі түсірген  «Балалардың желідегі қауіпсіздік ережелері», «Онлайн грумердің тұзағына түсіп қалмау жолдары», «Цифрлық қауіпсіздік туралы», «Қосымша табыс емес, тәуекел», «Бір бұзушылық – бір өмір», «Қарапайым курьерден қылмысқа дейін», «Жасөспірім өз аккаунтын қалай қорғай алады?» бейнероликтері көрсетілді. Негізгі көтерілген тақырыптар – құқық бұзушылық, интернет алаяқтық, буллинг, есірткі қылмысының алдын алу, жақсы мен жаманды айыра білу, жеңіл табыс, заңға қайшы іс-әрекеттің салдары.

Шара соңында білім алушыларға «BAS Production» кинокомпаниясы түсірген «Мошенники2» көркем фильмін үйден тамашалау ұсынылды.