«АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОҒАМҒА ТОЛЫҚ БЕЙІМДЕУ КЕРЕК ПЕ, ӘЛДЕ ҚОҒАМ ОЛАРҒА БЕЙІМДЕЛУІ КЕРЕК ПЕ?» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Енгізілді: 30.04.2026Қаралғаны: 2 рет
«АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОҒАМҒА ТОЛЫҚ БЕЙІМДЕУ КЕРЕК ПЕ, ӘЛДЕ ҚОҒАМ ОЛАРҒА БЕЙІМДЕЛУІ КЕРЕК ПЕ?» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін «Арнайы педагогика және психология» кафедрасы Қызылорда облысы білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығымен бірлесіп 6В020– «Арнайы педагогика» бағыты бойынша білім алушылары арасында «Аутизмі бар балаларды қоғамға толық бейімдеу керек пе, әлде қоғам оларға бейімделуі керек пе?» деген өзекті тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Аталған пікірталас барысында білім алушылар инклюзивті қоғам құру мәселесін жан-жақты талқылап, өз көзқарастарын ғылыми негізде дәлелдеп, жоғары деңгейдегі шешендік және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті.
Дебат қорытындысы бойынша:
- Жәнібек Аружан Жалындыққызы – «Ең үздік спикер»
- Барысбай Асылзат Ғабитқызы – «Ең үздік аргумент»
- Мұрат Мунира Рысбекқызы – «Пікірталас шебері»
- Қайыржанова Айжан Қайыржанқызы – «Ең креативті ой»
Жеңімпаздарды Қызылорда облысы білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының директоры Г.М. Кулетова тарапынан алғыс хаттар және арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Бұл шара білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттырумен қатар, инклюзивті білім беру құндылықтарын насихаттауға бағытталған маңызды алаң болды.
Қазақша
Русский
English














