ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНДА «СӨЙЛЕУ БҰЗЫЛЫСТАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ, ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ!
Енгізілді: 24.04.2026Қаралғаны: 6 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫНДА «СӨЙЛЕУ БҰЗЫЛЫСТАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ, ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ!
Курс теория мен практиканы ұштастыра отырып, сөйлеу тіліндегі қиындықтарды түсінуге және түзетуге көмектеседі.
Ата-аналарға, педагогтарға және осы салаға қызығушылығы бар барша жандарға арналған! Бұл курс – логопедия ғылымының теориялық негіздерін, сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмдерін, сөйлеу дамуының кезеңдерін және сөйлеу тілінің негізгі бұзылыстарының түрлері мен түзету жолдарын ғылыми тұрғыдан түсіндіруге бағытталған.
Курс барысында: сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды анықтау (диагностика) әдістері таныстырылады; артикуляциялық аппараты дамытуға арналған практикалық жаттығулар үйретіледі; балалар мен ересектердің сөйлеу тілін түзету жолдары қарастырылады; үй жағдайында қолдануға болатын тиімді тәсілдер ұсынылады; қатысушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Курс теория мен практиканы ұштастыра отырып, қатысушыларға сөйлеу тіліндегі қиындықтарды түсініп қана қоймай, оларды түзетуге бағытталған нақты білім мен дағды береді.
Қазақша
Русский
English














