«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІНЕ» КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Енгізілді: 28.05.2026Өзгертілді: 29.05.2026Қаралғаны: 9 рет

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІНЕ» КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

       

2026 жылғы 28 мамырда өңірдегі «Келешек мектептерінің» кадрлық әлеуетін қалыптастыру мақсатында «Өрлеу» БАҰА» АҚ Басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда «Болашақ» университетінің 2025-2026 жылғы түлектеріне диагностикалық бағалау тесті өткізілді. Аталған іс-шара болашақ педагогтердің кәсіби даярлық деңгейін анықтауға және білім беру ұйымдары үшін сапалы кадрлық резерв қалыптастыруға бағытталған.

Пилоттық диагностикалық бағалау нәтижелері негізінде «Келешек мектептері» жобасына қатысатын үміткерлердің кәсіби құзыреттіліктері сараланып, кадрлық резерв жасақталатын болады. Сонымен қатар, университет базасында пилоттық жоба жүзеге асырылып, оның аясында жоғары нәтиже көрсеткен түлектерді «Келешек мектептеріне» конкурссыз жұмысқа қабылдау мүмкіндігі қарастырылғаны хабарланды.

Бұл бастама жоғары білім беру ұйымдары мен мектеп арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтып, жас мамандарды білім беру жүйесіне тиімді бейімдеуге және педагог кадрлардың сапасын арттыруға ықпал етеді.