ӘРІПТЕСІМІЗ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯСЫН СӘТТІ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ
Енгізілді: 28.05.2026Қаралғаны: 11 рет
ӘРІПТЕСІМІЗ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯСЫН СӘТТІ ҚОРҒАП ШЫҚТЫ
Қызылорда «Болашақ» университеті «Инжиниринг және логистика» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.м. Амангельдиева Гульмадина Болатқызы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «8D072 «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесінде 8D07201 - «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Мұнай газ әлеуетін бағалауға байланысты Оңтүстік Торғай ойпатының геологиялық құрылымы мен құрылымдық формациялық кешендері» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Гульмадина Болатқызына шығармашылық табыс, мықты денсаулық және ғылым және білім жолында биік белестер тілейміз!
Қазақша
Русский
English














