ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫНДА «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ҚОСБАРМАҚОВА ДӘМЕЛІ БІРКЕБАЙҚЫЗЫНЫҢ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ТОЛУЫНА ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ РӘСІМІ ӨТТІ

Енгізілді: 24.04.2026Қаралғаны: 124 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫНДА «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ҚОСБАРМАҚОВА ДӘМЕЛІ БІРКЕБАЙҚЫЗЫНЫҢ ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ТОЛУЫНА ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ РӘСІМІ ӨТТІ

 

Дәмелі Біркебайқызы – білім беру саласында көпжылдық тәжірибесі бар, кәсіби біліктілігі жоғары маман. Ол еңбек жолын мектеп қабырғасында бастап, әр жылдары жоғары оқу орындарында жауапты қызметтер атқарып, педагогикалық және тәрбиелік жұмыстарға елеулі үлес қосып келеді. Қазіргі таңда университетіміздің «Педагогика және өнер» кафедрасында табысты  еңбек етуде.

Іс-шара барысында университет басшылығы, әріптестері мен балалары мерейтой иесіне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ізгі тілектерін білдіріп, еңбегіне алғыс айтты.