ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 1-2 КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Енгізілді: 11.02.2026Қаралғаны: 32 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 1-2 КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘСКЕРИ КАФЕДРАСЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 

2026 жылдың 11 ақпанында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің әскери кафедра меңгерушісі, полковник Н.Уайдаев Қызылорда «Болашақ» университетінің 1-2 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полковник әскери кафедраға қабылдау талаптарын, ҚР Қорғаныс министрлігінің №375 бұйрығына сәйкес оқу мерзімін, қажетті құжаттарды және қабылдау процесінің барлық маңызды аспектілерін жан-жақты түсіндірді.

Білім алушылар әскери кафедрадаоқуға байланысты көкейтесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.