«БІЛІМ – КҮШ, БІЛІМ – МҮМКІНДІК, БІЛІМ – БОЛАШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Енгізілді: 01.09.2026Қаралғаны: 29 рет

«БІЛІМ – КҮШ, БІЛІМ – МҮМКІНДІК, БІЛІМ – БОЛАШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

 

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қызылорда «Болашақ» университетінде «Білім – күш, білім – мүмкіндік, білім – болашақ» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Шараны Қызылорда «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі  Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов құттықтау сөзімен ашып, жоғары оқу орнында әр жастың сапалы білім, саналы тәрбие алуына, өз қабілетін дамытуына және жаңа жетістіктерге ұмтылуына барлық мүмкіндік жасалғанын жеткізіп, сәттілік тіледі.

Жиынға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері С.Әбішев, Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Р.Б. Құрманов елдің болашағы білімді, бәсекеге қабілетті, отаншыл, ізденімпаз жастардың қолында екендігін тілге тиек етіп, барша ұжымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, білім алушыларға жаңа оқу жылының басында көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара университеттің негізін қалаушы, философия ғылымдарының докторы Зейнегүл Рамазанқызы Досманбетованың ескерткішіне гүл қою рәсімімен қорытындыланды.