ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Енгізілді: 01.09.2026Қаралғаны: 34 рет

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ, ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

 

Қызылорда «Болашақ» университетінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай 1 курс білім алушыларына «Жаңа Конституция, жаңа мүмкіндіктер, жарқын болашақ» тақырыбында тағылымды дәріс ұйымдастырылды.

Шара алдында университеттің мәдени және әлеуметтік даму проректоры т.ғ.к., қауымд. профессор М.Ә. Ембергенов студенттерді Университеттің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, білім берудің кредиттік технологиясы туралы ақпарат берді.

Дәріс барысында аға оқытушы, з.ғ.к. М. Жомартқызы Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі және елдің тұрақты дамуы мәселелерін кеңінен түсіндірді.

Дәрістің басты мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Конституциялық құндылықтарды құрметтеуге баулу, ел болашағына деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, елдің дамуына, халықтың әл-ауқатына және болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруіне заң мен тәртіпті сақтау кепіл болатынын, қоғамда әділдік үстемдік құрған кезде ғана адамдардың бір-біріне деген сенімі артатынын жастардың санасына сіңіру.