БІЛІМ – КҮШ, БІЛІМ – МҮМКІНДІК, БІЛІМ –БОЛАШАҚ

Енгізілді: 01.09.2026Қаралғаны: 108 рет

БІЛІМ – КҮШ, БІЛІМ – МҮМКІНДІК, БІЛІМ –БОЛАШАҚ

 

Қадірлі әріптестер, құрметті білім алушылар, сіздерді 1-қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – адамды алға бастайтын күш, елді өркениетке жеткізетін қуат. Білімді ұрпақ – мемлекеттің ең үлкен капиталы. Өйткені бүгінгі алған білім мен қалыптасқан дағды ертеңгі қоғамның келбетін айқындайды.

«Білім – күш» деген сөздің мәні терең. Білімді адам өз мүмкіндігін таниды, ойын еркін жеткізеді, дұрыс шешім қабылдайды. Ал білімді қоғам уақыт талабына бейімделіп қана қоймай, өз болашағын өзі қалыптастыра алады.

Бүгінгі заманда білімнің ауқымы кеңейді. Технология, ғылым, жасанды интеллект, цифрлық экономика – бәрі де үздіксіз ізденісті талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа тек білім беру аз, оны ойлануға, ізденуге, жаңалық жасауға үйрету маңызды.

Білім – болашақтың іргетасы. Бүгін мектепте, колледжде, университетте отырған жас – ертең елдің ғылымын, экономикасын, мәдениетін, өндірісін алға сүйрейтін азамат. Оның сапалы білім алуы – жеке адамға емес, тұтас мемлекеттің болашағына салынған инвестиция.

Сондықтан білімге ұмтылу уақыт талабы емес, ел алдындағы жауапкершілік. Кітап оқыған, ізденген, кәсібін меңгерген, туған елінің тағдырына бейжай қарамайтын ұрпақ қана мықты мемлекет құра алады.

Білім – күш. Білім – мүмкіндік. Білім – болашақ. Ал сол күшке ие болатын, мүмкіндікті жіберіп алмайтын, елдің жарқын болашағын жасайтын – білімді ұрпақ.

     Жаңа оқу жылы баршамызға сәтті болсын!

 

Снасапова Гүлжахан  Жұмашқызы,

Қызылорда «Болашақ» университетінің ректоры, ф.ғ.к.