СӘЛЕМДЕСУ – СЫЙЛАСТЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Енгізілді: 09.09.2026Қаралғаны: 7 рет

СӘЛЕМДЕСУ  СЫЙЛАСТЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

  

Қазақ мәдениетінде сәлемдесудің орны ерекше. Үлкенге ізет көрсету – құрмет. Әр адамға жылы амандасу – тәрбие. Бейтаныс жанға бірінші болып сәлем беру – достыққа бастар ізгі қадам.

Университет қабырғасында да әдеп, сыйластық пен өзара құрмет осындай қарапайым әрекеттерден қалыптасады. Бір ауыз сәлем адамды ортаға жақындатады, сенім қалыптастырады және қарым-қатынасқа жол ашады.

Бұл бүгін ғана қалыптасқан әдет емес. Қазақ қоғамында сәлемдесудің өзіндік әдебі ежелден орныққан. Ақсақалға сәлем беру, үлкеннің амандығын сұрау, келіннің сәлем салуы – халқымыздың құрмет пен ізетті жоғары бағалағанының айқын көрінісі.

Сәлемдесу – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұлттық тәрбиенің бір бөлшегі. Ол адамның жасына, дәрежесіне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамай, бір-біріне деген құрметін білдіреді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлттық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет көрсету, мәдениеттілік пен әдепті сақтаудың маңызын үнемі атап өтіп келеді. Ұлттық тәрбие күнделікті өмірдегі қарапайым әдеттерден басталатыны сөзсіз.

Университет – тек білім мен ғылымның ғана емес, тұлға қалыптасатын орта. Мұнда әрбір сөзіміз, әрбір әрекетіміз, тіпті күнделікті амандасуымыз да ортақ мәдениетті қалыптастырады. Қызылорда «Болашақ» университеті – білімді маман ғана емес, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, мәдениетті әрі ізетті тұлға қалыптастыратын білім ордасы. Сондықтан үлкенге құрмет көрсетіп, қатарымызға жылы сәлем айтып, айналамызға ізгі ниетпен қарай білейік.

Сәлемдесу – қарапайым әдет емес, ол – адамға деген құрметтің алғашқы белгісі.