СӘЛЕМІМІЗ ТҮЗУ БОЛСЫН!
Енгізілді: 08.09.2026Қаралғаны: 6 рет
СӘЛЕМІМІЗ ТҮЗУ БОЛСЫН!
Қазақ халқы ежелден “Сәлем – сөздің анасы” деп амандасу мәдениетіне ерекше мән берген. Сәлемдесу – кез келген қарым-қатынастың бастауы, сыйластық пен ізеттіліктің белгісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы амандасу мәдениетіне назар аударып, ұлттық дәстүрімізге сай әдепті әрі байсалды сәлемдесудің маңызын атап өтті.
Дұрыс амандасу – қарапайым әдептің ғана емес, адамға деген құрмет пен ізеттіліктің көрінісі.
Ер-азаматтардың нық қол алысуы, жылы жүзбен сәлемдесуі, ал ерекше құрмет жағдайында оң қолды жүрек тұсына қоюы – ізеттіліктің көрінісі.
“Математика және ақпараттық технологиялар” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастар арасында әдеп пен мәдениетті қалыптастыруды қолдайды.
Сәлеміміз түзу, жүзіміз жылы, ниетіміз ақ болсын!
Қазақша
Русский
English














