ҚҰШАҚТАН – ҚҰРМЕТКЕ: ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКА

Енгізілді: 10.09.2026Қаралғаны: 8 рет

ҚҰШАҚТАН ҚҰРМЕТКЕ: ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКА

 

 

«Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен білім алушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әдеп пен ізеттіліктің маңызын түсіндіруге бағытталған тағылымды тәрбие сағаты өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде амандасу әдебінің қоғамдағы орнына ерекше тоқталып, оның күнделікті әдет қана емес, адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесін танытатын маңызды құндылық екенін атап өткен болатын.

Іс-шара барысында қазақ халқының үлкенге құрмет көрсету, қол алысып амандасу, оң қолды жүрек тұсына қойып сәлемдесу сынды дәстүрлері кеңінен сөз болды. Қарапайым ғана сәлемдесудің өзінен үлкенге деген құрмет пен адамға деген ізгі ниеттің көрінетіні түсіндірілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жастардың бойында әдептілік пен мәдениеттілікті қалыптастырып, ұлттық дәстүрге деген құрметін арттыра түседі.

Сәлеміміз түзу, сыйластығымыз мәңгі болсын!