«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

Енгізілді: 11.09.2026Қаралғаны: 13 рет

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»ТАЗАЛЫҚПЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымшылдықпен сенбілік өткізді.

Шара барысында университет кампусы мен оның айналасы қоқыстан тазартылып, ағаштар күтіп-бапталды және жасыл аймақтар тәртіпке келтірілді. Тазалық акциясына белсене қатысқан әрбір студент пен қызметкер қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосты.

Бұндай іс-шаралар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі. Оқу ордасының санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру қағидаларын орындау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – әрбіріміздің міндетіміз.