ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ: «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ӨНЕР ШАРАСЫНДА!
Енгізілді: 11.09.2026Қаралғаны: 15 рет
ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ: «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ӨНЕР ШАРАСЫНДА!
Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы, оқытушылары мен студенттері 11.09.2026 ж Н.Бекежанов атындағы облыстық казақ академиялық музыкалық драма театрының 72-ші маусымының салтанатты ашылуына қатысты.
Университет ұжымы маусымашар аясында режиссерлер ұсынған «Ку-ку» атты жаңа спектакльдің премьерасын тамашалап, ерекше әсер мен рухани азық алды. Театр артистерінің шебер ойыны мен терең мағыналы қойылым көрермендерге ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.
Бұл іс-шараның жастардың эстетикалық және экологиялық-мәдени көзқарасын арттыруға, студенттерді отандық өнерге, театр мәдениетіне баулуға, университет пен өнер шаңырағы арасындағы рухани байланысты нығайтуға маңыздылығы зор.
Студенттеріміз бен ұжымымызға рухани серпіліс сыйлаған театр ұжымына алғыс білдіре отырып, жаңа 72-ші маусымда шығармашылық табыс тілейміз!
Қазақша
Русский
English














