«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
Енгізілді: 15.09.2026Қаралғаны: 51 рет
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінің «Bolashak Hall» Студенттер сарайында құқық қорғау органдары өкілдерінің Қызылорда «Болашақ» университеті, «Болашақ» жоғары колледжі, «Болашақ» жоғары медициналық колледжі студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты – Студенттер арасында заң мен тәртіп құндылықтарын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың, есірткі қылмысының және интернет алаяқтықтың алдын алу, жастардың қауіпсіз орта қалыптастырудағы жауапкершілігін түсіндіру.
Шараны Қызылорда «Болашақ» университетінің Әлеуметтік және мәдени даму проректоры, т.ғ.к., профессор М.Ә. Ембергенов ашып, қоғамның қауіпсіздігі тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, қауіпсіз қоғам құру әр азаматтың жауапкершілігі екенін тілге тиек етті.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау үшін қажет болса, заңды сақтау – өзіңнің ғана емес, айналаңдағы адамдардың да қауіпсіздігіне кепіл болады.
Әсіресе, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор, себебі бүгінгі студент – ертеңгі маман, ата-ана, азамат және қоғамның белсенді мүшесі.
Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары – Тоқтыбаев С.А., Қызылорда облысы прокурорының кәмелетке толмағандар жөніндегі аға көмекшісі – Байкенже Д.А., Қызылорда облысы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі – Жаукеев Е.Б., «Әділет» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы, Облыстық полиция департаменті профилактикалық кеңес төрағасының орынбасары –Баймұрза Ә.Қ., Қызылорда облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы – Оспанов Б.Е., Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны – Ахмет Т.А., Полиция департаменті облыстық профилактикалық кеңесінің мүшесі, блогер, контент-мейкер – Балтақожа О.А., Қызылорда облыстық білім басқармасының «Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры – Баянова Ж. қатысып,«Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет», «Жастар және заң», «Дін және заң», «Есірткіге жол жоқ!», «Әлеуметтік желідегі жауапкершілік», «Қауіпсіз қоғам және психологиялық саулық» тақырыптарында ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында ашық микрофон арқылы білім алушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан тұшымды жауап алды.
Қазақша
Русский
English














