УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАҢА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОҚУЛЫҚТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Енгізілді: 16.09.2026Қаралғаны: 25 рет
УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАҢА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ОҚУЛЫҚТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Қызылорда «Болашақ» университетінде білім беру үдерісін жетілдіру және білім алушыларды жаңа оқу әдебиеттерімен таныстыру мақсатында жаңа оқу құралдары мен оқулықтардың жәрмеңкесі өтті.
Іс-шара барысында білім алушылар мен оқытушыларға оқу бағдарламаларына сәйкес жарық көрген жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар және олардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған әдебиеттер таныстырылды.
Жәрмеңкеге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысып, ұсынылған басылымдардың мазмұнымен танысты. Оқу құралдарының ішінде мамандықтарға арналған арнайы әдебиеттермен қатар, заманауи білім беру бағыттарын қамтитын жаңа басылымдар да ұсынылды.
Шара барысында қатысушылар жаңа оқулықтар мен оқу құралдарының оқу үдерісіндегі маңызы, олардың білім сапасын арттырудағы рөлі туралы пікір алмасты. Жәрмеңке оқытушыларға өз пәндері бойынша қосымша ресурстарды таңдауға, ал студенттерге білімін толықтырып, кәсіби бағыттағы әдебиеттермен танысуға мүмкіндік берді.
Осындай іс-шаралар университет кітапханасының қорын жаңартуға, оқу-әдістемелік базаны жетілдіруге және білім алушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Қазақша
Русский
English














