АМАНДАСУ — ӘДЕПТІЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІСІ

Енгізілді: 10.09.2026Қаралғаны: 1 рет

АМАНДАСУ — ӘДЕПТІЛІКТІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІСІ

Қызылорда «Болашақ» университетінде студенттердің бойына сыпайылық, ізеттілік және өзара құрмет құндылықтарын қалыптастыру мақсатында амандасу мәдениетіне арналған кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында амандасудың адам өміріндегі орны мен маңызы, оның қарым-қатынасты бастаудағы рөлі туралы кеңінен сөз қозғалды. Студенттер амандасу арқылы адамға деген құрмет пен ізеттілікті білдіруге болатынын атап өтті. Сонымен қатар, әртүрлі ортада үлкендермен немесе құрдастармен қарым-қатынас кезінде өзін дұрыс ұстау, сәлемдесу әдебін сақтау мәселелері талқыланды.

Кураторлық сағат барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдесу мәдениеті мен өзара құрмет туралы айтқан ойларына назар аударылып, ұлттық тәрбиеде амандасудың алатын орны ерекше екені айтылды. Студенттер өз пікірлерін ортаға салып, күнделікті өмірде қарапайым ғана сәлемдесудің адамдар арасындағы жылы қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал ететінін түсінді.

Шара соңында қатысушылар әдептілік пен мәдениеттілік әр адамның күнделікті әрекетінен көрінетінін айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Амандасу — тек сөз алмасу емес, ол адамға деген құрметтің, ізеттіліктің және жақсы тәрбиенің көрінісі.

Жақсы қарым-қатынас жылы сәлемнен басталады!