ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Енгізілді: 08.09.2026Қаралғаны: 1 рет

ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

 Қызылорда «Болашақ» университеті жатақханаларында 8 қыркүйек күні студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік!» тақырыбында студенттермен кездесу болып өтті.

Кездесуге:

- Қызылорда қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Медет Жорабек;

- Қызылорда облысы Полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы;

- Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция капитаны Ахмет Темірхан Асхатұлы;

- Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы Абдразақова Раушан Есенжолқызы қатысты.

Шара барысында білім алушыларға киберқылмыстардан сақтану, интернеттегі қауіпсіздік, есірткі қылмыстарының алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу және жастар арасындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша маңызды ақпараттар ұсынылды.

Сондай-ақ, мамандар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, күнделікті өмірде құқықтық сауаттылық пен жеке қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Құқықтық сауатты ұрпақ – қауіпсіз қоғамның негізі!