АМАНДАСУ – ӘДЕПТІЛІКТІҢ БАСТАУЫ, ҚҰРМЕТ – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

Енгізілді: 10.09.2026Қаралғаны: 1 рет

АМАНДАСУ – ӘДЕПТІЛІКТІҢ   БАСТАУЫ, ҚҰРМЕТ – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қоғамдағы әдеп пен жүріс-тұрыс мәдениетіне ерекше мән берілуде.

Осыған орай, білім алушылар арасында амандасу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық әдеп құндылықтарын дәріптеу, жастардың санасына сіңіруді мақсат тұтқан түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Қазақ халқы үшін амандасу жай ғана сәлемдесу емес, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің белгісі. Үлкенді көргенде бірінші болып сәлем беру, жылы жүзбен амандасу – халқымыздың ежелден келе жатқан тәрбиесінің көрінісі.
Сондықтан әр кездесуімізді сәлемнен бастап, амандасу мәдениетін күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырайық.

Амандасу – әдептің бастауы, сыйластықтың белгісі.