АМАНДАСУ ӘДЕБІ

Енгізілді: 09.09.2026Қаралғаны: рет

АМАНДАСУ ӘДЕБІ

 

2026 жылғы Құрылтайда қоғамдағы әдеп пен мәдениет, соның ішінде амандасу әдебі мәселесіне ерекше назар аударылды. Амандасу әдебі – тұлғааралық қарым-қатынасты реттейтін маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі. Ол қоғам мүшелері арасындағы өзара сыйластықты, этикалық нормаларды және коммуникативтік мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

​Сонымен қатар, қазақ халқы үшін амандасу – жай ғана сәлемдесу емес, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамға деген сыйластықтың белгісі. Ұлттық тәрбиенің бастауы саналатын бұл дәстүрді сақтау әр азаматтың мәдениеті мен тәрбиесін танытады.

​«Педагогика және спорт» кафедрасының оқытушылары ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың бойына ізгілік пен мәдени қарым-қатынас қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды үнемі назарда ұстайды.