Құрметті Бақберген Сәрсенұлы!

Енгізілді: 21.09.2026Қаралғаны: 7 рет

ҚұрметтіБақбергенСәрсенұлы!

 

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің саналы ғұмырыңыз – елдің білім беру жүйесін дамытуға, ғылымның өркендеуіне, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беруге арналған өнегелі жол.

Ұлттық ғылымның абыройлы биігіне көтерілген Сіздің ғылыми ізденістеріңіз бен еңбектеріңіздің отандық ғылымның дамуында өзіндік орны бар. Ал университет Құрылтайшысы ретіндегі қызметіңіз – білікті маман даярлау ісіне қосқан зор үлесіңіз.

Сіз қалыптастырған білім ордасы бүгінде талай жастың арманын біліммен ұштастырған үлкен шаңыраққа айналды. Бұл – білімге деген шынайы жанашырлықтың нәтижесі.

Сіз – ұстаздық пен ғалымдықты, азаматтық пен көшбасшылықты бір арнаға тоғыстырған абыройлы тұлғасыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті, ғылым мен білім саласындағы бастамаларыңыз әрдайым баянды болсын. Өзіңіз негізін қалаған «Болашақ» университетінің биігі асқақтап, шәкірттеріңіздің жетістігі мен әріптестеріңіздің құрметі Сізге әрдайым қуаныш сыйласын!

 

Ізгі ниетпен, Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы