«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ТАЗА ҚАЛА, ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚ ҮШІН
Енгізілді: 19.09.2026Қаралғаны: 16 рет
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ ТАЗА ҚАЛА, ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚ ҮШІН
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «Қайсар Арена» стадионының алдында облыс әкімі М.Н. Ергешбаевтың қатысуымен «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясы өтті.
Маңызды экологиялық бастамаға Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы да белсенді түрде атсалысты.
Қоршаған ортаны қорғау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершік! Университет ұжымының экологиялық акцияларға қатысуы – табиғатты аялау, қоғамдық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру бағытындағы нақты қадам.
«Болашақ» университеті білім мен ғылымды ғана емес, қоғам игілігіне бағытталған әлеуметтік және экологиялық бастамаларды да қолдайтын оқу орны.
Таза әрі жайлы орта қалыптастыру әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.
Таза орта.
Саналы ұрпақ.
Жарқын болашақ.
Қазақша
Русский
English














