ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ

Енгізілді: 24.09.2026Қаралғаны: 8 рет

ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУҚҰРЫЛЫМЫНЫҢЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ

Қызылорда «Болашақ» университетінде студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және университет өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында студенттік өзін-өзі басқару құрылымының жаңа құрамы сайланды.

Сайлау қорытындысы бойынша құрылымның жетекші лауазымдарына келесі студенттер таңдалды:

  • Аякенов Дарын – ВТиПО-25 тобының студенті, Студенттік үкімет төрағасы;
  • Нұрланұлы Дінмұхаммед – ЮП-25 тобының студенті, Студенттік омбудсмен;
  • Бақытбекова Эльнара – АП-25 тобының студенті, «Педагогика және білім беру» жоғары мектебінің студенттік деканы;
  • Каржаубаева Меруерт – Ф-25 тобының студенті, «Бизнес, техника және технология» жоғары мектебінің студенттік деканы;
  • Шаттыққызы Көркем – Б-25 тобының студенті, Жатақхана кеңесінің төрағасы.

 Жаңа құрамға университет студенттерінің мүддесін қорғау, студенттік бастамаларды қолдау, қоғамдық жұмыстарды жандандыру және университеттің әлеуметтік-мәдени өміріне жаңа серпін беру бағытында үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Жаңа көшбасшылардың алдағы жұмыстарына сәттілік, тың бастамалар мен толағай жетістіктер тілейміз!

Бірлік пен белсенділік – студенттік өмірдің басты қозғаушы күші!

«Болашақтың» белсенді жастары – елдің жарқын болашағы!