ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

Енгізілді: 24.09.2026Қаралғаны: 8 рет

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ

 

Қызылорда «Болашақ» университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаларын насихаттау, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Заң үстемдігі – қауіпсіз қоғамның кепілі»тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға Қызылорда облысының Әділет департаменті және Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қатысып, студенттермен құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік, заң талаптарын сақтау және қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.

        Кездесуге келесі қонақтар қатысып, білім алушылармен емен-жарқын әңгімелесті.

        Шагиров Азиз Алиұлы — Қызылорда қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі;

        Саткеева Жанат Маратқызы — Қызылорда облысы Әділет департаментінің «Қызылорда қаласы №2 мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы;

        Карабасов Төлеген Орынбасарұлы — Қызылорда облысы Әділет департаменті Әкімшілік бөлімінің басшысы;

        Бегежанова Шахар Даулетназарқызы — Қызылорда облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмыстары және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы;

        Нәбиева Әсем Сейтқалиқызы — Қызылорда қалалық полиция басқармасы Қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны;

        Соболев Виталий Алексеевич — Қызылорда қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры.

 Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық жауапкершілік және құқық қорғау органдарының қызметі туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың құқықтық мәселелер бойынша дұрыс шешім қабылдауына және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәселелер талқыланды.

 Кездесу соңында студенттер сала мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.

 

Заңды білу – өзқұқығыңды қорғаудың негізі.
Заңды құрметтеу
– қауіпсізқоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

Қызылорда «Болашақ» университеті құқықтық сауатты, жауапты және белсенді жастарды қолдайды.