ҚАУІПСІЗ СТУДЕНТ – ҚАУІПСІЗ ОРТА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Енгізілді: 29.09.2026Өзгертілді: 29.09.2026Қаралғаны: 13 рет
ҚАУІПСІЗ СТУДЕНТ – ҚАУІПСІЗ ОРТА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде студенттердің психологиялық денсаулығын нығайту, эмоционалдық тұрақтылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында өңірдің психолог мамандарымен ауқымды кездесу өтті.
Кездесуге арнайы шақырылған Қызылорда облыстық психологиялық қолдау орталығының әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Бисенова Жания Жоямергенқызы, Облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Нұрпейісова Эльвира Қыдырәліқызы, «Қызылорда қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ психологы Балымова Мирамкүл Алтынбекқызы, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психологы Қайратқызы Айсұлу, Қызылорда «Болашақ» университетінің аға оқытушысы Әбілхайр Әзиза Әмірханқызы тәрізді мамандар өз бағыттары бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара барысында тәуелділік, психологиялық әл-ауқат, отбасындағы сенім, зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмір құндылығы және қиындықтарды еңсеру төңірегіндегі тақырыптар қозғалды.
Кездесуге белсене қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен барша мамандарымызға, білім алушыларға алғыс білдіреміз!
Психологиялық саулық пен жарқын болашақ өзіміздің қолымызда!
Қазақша
Русский
English














