«ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ»–ҰСТАЗҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Енгізілді: 01.10.2026Қаралғаны: 15 рет

«ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ»–ҰСТАЗҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Ұстазға құрмет көрсету – біліммен тәрбиенің қадірін бағалау, ұрпақ болашағына қызмет етіп жүрген ұлағатты жандарға алғыс айту. Осы мақсатта Қызылорда «Болашақ» университетінің Болашақ Холлында Ұстаздар күніне арналған «Ұстазға тағзым» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Кештің шымылдығы қазақ биімен ашылып, мерекелік бағдарлама ән мен күйге, ұлттық өнер мен студенттердің жүрек жарды тілектеріне ұласты. Сахна төрінде ұстазға деген шәкірт алғысы әнмен әуелеп, бимен өріліп, қасиетті домбыраның күмбірімен жалғасты. Шара барысында білім беру, ғылым, тәрбие және қоғамдық жұмыстар саласында белсенді еңбек етіп жүрген бірқатар оқытушыларға арнайы марапаттар облыстық мәслихат, қалалық әкімдік және «Әділет» партиясы тарапынан табысталды. Бұл – ұстаздың кәсіби қызметіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі.

Мерекелік кеште Қызылорда «Болашақ» университетінің Құрылтайшысы, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.С. Досманбетов ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім мен тәрбие жолындағы еңбектің маңызына тоқталды.

«Ұстазға тағзым» – бір күндік мерекелік шара ғана емес, ұстаз еңбегіне деген шынайы құрметтің, шәкірт алғысының және университет ұжымы бірлігінің көрінісі болды.