ҚАРИЯЛАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ
Енгізілді: 02.10.2026Қаралғаны: 10 рет
ҚАРИЯЛАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ
Еліміздегі Қарттар күніне орай Қызылорда «Болашақ» университетінің ұйымдастыруымен Ардагерлер үйінде «Қарияларым – қазынам» атты қайырымдылық концерт өтті.
Қазақ «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейді. Қария – өткеннің шежіресі, елдің рухани қазынасы. Осыны жүрекпен сезінген университет ұстаздары мен студенттері ардақты қарияларға ән мен күйден шашу шашып, көңілдеріне жылулық сыйлады.
Концертте «Тобылғысай», «Қыздар-қыздар», «Әнімсің таусылмайтын» әндері шырқалып, домбыраның шанағынан «Ерке сылқым», «Адай» күйлері төгілді. Кеш соңында «Сыр елім» әні әуелеп, барлық өнерпаздар қарияларға құрмет көрсетті,«Болашақ» білім ордасы атынан сый-сияпаттар табыстады.
Бұл өнер кеші үлкенге құрмет, кішіге ізет, мейірім мен адамдықты дәріптеген тағылымды кездесу болды.
Қарияларымыз аман, ақ баталары жас ұрпаққа жұғысты болсын!
Қазақша
Русский
English














