ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Енгізілді: 05.10.2026Қаралғаны: 58 рет

ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

      Қызылорда «Болашақ» университетінің ФИС-25-2 оқу тобының білім алушысы Мағанат Талшын Ерланқызыағымдағы жылдың 30 қыркүйек – 5 қазан аралығында Тараз қаласында белбеу күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, ІІ орын иеленді.

      Бұл – Талшынның табандылығы мен қажырлы еңбегінің, спортқа деген сүйіспеншілігі мен жеңіске деген жігерінің нәтижесі.

     Талшынға алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! Әрбір жетістігің университетіміздің абыройын асқақтата берсін!

Жеңісті жолың жалғаса берсін, Талшын!