«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Енгізілді: 07.10.2026Қаралғаны: 24 рет
«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылордада «Болашақ» университетінде ұйымдастырылған кездесуде ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері жастар тәрбиесі, отбасы құндылығы, үлкенді құрметтеу, дәстүрлі дін мен ұлттық бірегейлік, кітап оқу мәдениеті, жасампаз патриотизм және тарихи сананы қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Кездесуді Қызылорда облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы жүргізді.
Баяндамаларда жастарды адалдыққа, отансүйгіштікке, ұлттық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеудің маңызы атап өтіліп, жат ағымдар мен зиянды әдеттердің алдын алу жөнінде маңызды ойлар айтылды.
Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат, ұрпақ тәрбиесі – ел болашағы.
Қазақша
Русский
English














