ӨНЕРМЕН СУСЫНДАТҚАН РУХАНИ КЕШ

Енгізілді: 10.10.2026Қаралғаны: 7 рет

ӨНЕРМЕН СУСЫНДАТҚАН РУХАНИ КЕШ

 

10.10.2026 ж. Қызылорда “Болашақ" университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттері  С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды драма театрының Сыр өңірінде өткен «Қарапайым адам» спектаклін тамашалап қайтты.

 Терең мағыналы қойылым көрерменге адамгершілік, адалдық және қарапайым өмірдің шынайы құндылықтары туралы ой салды. Әртістердің шебер ойыны мен сахналық атмосфера ұжым мен студенттерге ерекше әсер сыйлады.

Университет ұжымы жастардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда өнердің орны бөлек екенін атап өтті.

 Өнерді бағалап, рухани азық алған тамаша кеш үшін театр ұжымына алғыс білдіреміз!