БІРГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ!

Енгізілді: 19.10.2026Қаралғаны: 254 рет

БІРГЕ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙМЫЗ!

БҰҰ ассамблеясының 2026 жылды «Орнықты даму жолында Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялауына орай, 19 қазанда «GreenAral: volunteers for life-2026» халықаралық волонтерлерапталығы аясындаұйымдастырылған «Бірге жақсылық жасаймыз» тақырыбындағы семинарға Қызылорда «Болашақ» университетінің оқытушылары мен білім алушылары да қатысты.

Аталған шараға Грузия, Жапония, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және республиканың басқа өңірлерінен 120-дан астам қонақ келді.

Семинардың басты мақсаты – жастар арасында волонтерлік мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамға риясыз қызмет ету құндылықтарын дәріптеу.

Шара барысында волонтерлік қызметтің қоғам дамуындағы маңызы кеңінен сөз болып, игі бастамаларға белсенді атсалысу мен өзара көмек мәдениетін нығайту мәселелері талқыланды.

Семинарда Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов университетіміздің аға оқытушысы Н. Дұрысбековаға облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.

 

 Жақсылық жасау – жүректен басталады!
Бірге әрекет етіп, бірге жақсылық жасайық!