«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
Енгізілді: 16.10.2026Қаралғаны: 264 рет
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗІ
«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында «Болашақ» университетінің ұжымы ағымдағы жылдың 16 қазанында Н. Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында жазушы, драматург Р. Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» қойылымын тамашалады.
Спектакль алдында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Ф. Иманғалиев пен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі С. Тоқтыбаев сөз алды.
Спикерлер есірткіге тәуелділіктің адам өмірі мен қоғамға тигізетін зардабына тоқталып, жастарды зиянды әдеттен аулақ болуға, заң талаптарын сақтауға және салауатты өмір салтын таңдауға шақырды.
LED экраннан «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбындағы профилактикалық бейнеролик көрсетілді.
Терең әлеуметтік мазмұнға құрылған қойылым көрерменге үлкен ой салды. Шығарма есірткіге тәуелділіктің жеке адамның ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамның қасіретіне айналатынын әсерлі бейнеледі.
Жастардың қауіпсіз болашағы – ортақ жауапкершілік.
Есірткіге жол жоқ! Салауатты өмірді таңдайық!
Қазақша
Русский
English














