ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ

Енгізілді: 22.10.2026Өзгертілді: 22.10.2026Қаралғаны: 73 рет

ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ

 

Қызылорда «Болашақ» университетінде 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты шара өтті.

Мерекелік жиын Мемлекеттік Туды салтанатты түрде алып шығу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.       

Университет Құрылтайшысы, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі

Б.С. Досманбетов ұжым мен білім алушыларды ұлттық мерекемен құттықтады.

Білім беру, ғылым, тәрбие және қоғамдық жұмыстарға белсенді үлес қосқан университет оқытушылары мен студенттері облыс және қала әкімдерінің, Жастар ресурстық орталығы басшысының мерекелік құттықтауларымен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Салтанатты жиын мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Білім алушылар патриоттық әндер орындап, ұлттық күй мен көркем би композицияларын көпшілік назарына ұсынды. Әсем ән мен күмбірлеген күй көрермендердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Республика күні – елдігімізді айшықтайтын, тәуелсіздігіміздің тарихи негізін ұлықтайтын маңызды мереке. Қазақстанымыздың тұғыры биік, шаңырағы берік, келешегі кемел болсын!