ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ТАНЫМДЫҚ ШАРА

Енгізілді: 23.10.2026Қаралғаны: 31 рет

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ТАНЫМДЫҚ ШАРА

 

2026 жылдың 23 қазанында Қызылорда «Болашақ» университеті «Экономика және құқық» кафедрасының «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша ЮП-25 оқу тобының білім алушылары кафедраның аға оқытушысы А.М. Абдукерованың жетекшілігімен Сот сараптамалары институтының тыныс-тіршілігін көріп қайтты.

Институттың сот медицина сарапшысы А.Ж. Нұрмағанбетова мен басқа да мамандар студенттерді зертханалардың жұмысымен және мәйітханамен таныстырды. Сарапшы Ж.Б. Күнтөре мекеменің стратегиялық даму жоспары жөнінде әңгіме өрбітіп,оның мақсатын түсіндірді. Осындай шаралар болашақ заңгерлерге сот сараптамасы саласының практикалық қырларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.