ҚЫРҒЫЗСТАНДА КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Енгізілді: 23.10.2026Қаралғаны: 110 рет
ҚЫРҒЫЗСТАНДА КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда «Болашақ» Университеті «Инжиниринг және логистика» кафедрасының аға оқытушысы Мұстаяп Мұхтар Болатұлы 2026 жылдың 23 қазанында И. Раззақов атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде өткен «Қырғыз Республикасындағы көлік саласының жағдайы және көлік мамандарын даярлау» тақырыбындағы халықаралық ғылыми семинарға қатысып, баяндама жасады.
Шараның негізгі мақсаты – көлік-логистикадағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Семинар жұмысына мемлекеттік ұйымдардың, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми қауымдастықтың және көлік компанияларының өкілдері (Ресей, Қазақстан, Гонконг) қатысты.
Семинар автомобиль және әуе көлігіндегі инновациялар, цифрландыру мен логистика, көлік құрылысы, теміржол инфрақұрылымын дамыту, инженерлік білім беруді жетілдіру мәселелеріне арналған екі тақырыптық секцияның жұмысымен жалғасты.
Халықаралық дәрежедегі басқосуда жол қозғалысы қауіпсіздігіне, көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және саланың ерекшеліктерін ескере отырып, білікті мамандар даярлауға баса назар аударылу қажеттілігі айтылды.
Қазақша
Русский
English














