ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САБАҚТАСТЫҒЫ: ҒАЛЫММЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
Енгізілді: 27.10.2026Қаралғаны: 9 рет
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ САБАҚТАСТЫҒЫ: ҒАЛЫММЕН
ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ
2026 жылғы 27 қазанда Қызылорда «Болашақ» университетінде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Н.М. Рсалиеваның қатысуымен қонақ дәріс ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – білім беру мен ғылыми зерттеу арасындағы сабақтастықты нығайту, тіл білімінің өзекті мәселелерін талқылау, білім алушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту және кәсіби ізденістеріне бағыт-бағдар беру.
Нұрсәуле Мақсұтқызы – лексикография, аударматану, терминология, когнитивті лингвистика және лингводидактика бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген белгілі ғалым, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-публицистикалық мақаланың авторы. Ғалым – 2023 жылы Oxford University Press баспасынан жарық көрген OXFORD QAZAQ сөздігінің редакторлары мен құрастырушыларының бірі. Сондай-ақ 2005 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ағылшын тілін оқытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталған. Қонақ дәріс барысында қазақ тілінің ғылыми әлеуетін арттыру, ұлттық тілдің өміршеңдігін сақтау, қазіргі лингвистикалық зерттеулердің бағыттары мен ғылыми ізденістің маңызы жөнінде мазмұнды ойлар ортаға салынды. Кездесу барысында оқытушылар мен білім алушылар ғалымға сұрақтар қойып, ғылыми пікір алмасуға мүмкіндік алды. Тағылымды кездесу қатысушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы Н.М.Рсалиеваға мазмұнды дәрісі мен құнды ғылыми тәжірибесін бөліскені үшін шынайы алғыс білдіреді!
Ғылым мен білімнің сабақтастығы – сапалы білім мен жарқын болашақтың кепілі!
Қазақша
Русский
English














