ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ
Енгізілді: 28.10.2026Қаралғаны: 30 рет
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ
Қызылорда «Болашақ» университетінің профессор-оқытушыларқұрамы мен студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім мен ғылымды жетілдіру, цифрландыру және адами капиталдың сапасы бағытындағы өзекті міндеттер қамтылды.
Университет ұжымы мен білім алушылары Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттар мен маңызды бастамаларға ерекше назар аударып, олардың ел болашағы үшін маңызын атап өтті.
Президент Жолдауы – қоғамды ортақ мақсаттарға жұмылдыратын, әр азаматты елдің дамуына жауапкершілікпен үлес қосуға үндейтін маңызды стратегиялық құжат.
Ұжым Жолдауда белгіленген міндеттерді қолдап, сапалы білім беру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және отаншыл ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.
Қазақша
Русский
English














