ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, БОЛАШАҒЫ КЕНЕН — ҚЫЗЫЛОРДА!

Енгізілді: 22.09.2026Қаралғаны: 323 рет

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ, БОЛАШАҒЫ КЕНЕН — ҚЫЗЫЛОРДА!

 

Сырдың жағасында сырын бүкпей ғасырларды сөйлеткен, Қорқыттың күйін, жыраулардың жырын, Алаштың арманын аманат еткен қасиетті қала — Қызылорда!

Бүгін сол киелі шаһардың мерейлі күні.

Қызылорда – өткеннің естелігі, бүгіннің тынысы, болашақтың бастауы.

Оның әр көшесінде – тарих, әр буынында – еңбек, әр жасында арман бар.

Біз, Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы, қаланың ең үлкен капиталы білімді, ізденімпаз, елжанды жастар деп білеміз.

Өйткені бүгінгі студент – ертеңгі  ұстаз, ғалым, дәрігер, кәсіпкер, мәдениет қайраткері, ел басқаратын азамат.

Қызылорда – біздің өткеніміз.

Қызылорда – біздің бүгініміз.

Қызылорда – біздің БОЛАШАҒЫМЫЗ!

Сырдың самалындай сергек ой,

Қорқыттың қобызындай терең рух,

жыраулардың жырындай асқақ арман

қаламыздың әр азаматына серік болсын!

Қасиетті Сыр елінің жүрегі – Қызылорда қаласы, туған күнің құтты болсын!

 

Қызылорда “Болашақ”университетінің ұжымы