«ҮЗДІК ОҚЫРМАН – 2026» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Енгізілді: 30.09.2026Қаралғаны: 327 рет

«ҮЗДІК ОҚЫРМАН – 2026» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында өңірімізде «Үздік оқырман – 2026» облыстық байқауы өтті.

Шараға Қызылорда «Болашақ» университетінің 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 2-курс  студенттері белсенді қатысып, өздерінің білімі мен кітап оқуға деген қызығушылығын танытты. Байқаудың екінші кезеңіне жолдама алған университетіміздің білім алушылары жүлделі орындардан көрінді. Әсетқызы Құндызай Бас жүлдені иеленсе, Абусейіт Ұлпан Саттарқызы мен Ерболатқызы Фариза І дәрежелі дипломмен, Сансызбай Әлия Еркінқызы ІІ дәрежелі дипломмен, Қибаш Дүрия Талғатқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Кітапқа құштарлық – білімге бастар жол, ал үздік оқырман – зерделі ұрпақтың жарқын үлгісі. Жеңімпаз атанған студенттерімізді құттықтаймыз! Жастарымыздың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, білім мен ізденістегі жетістіктері еселене берсін!