ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Енгізілді: 13.10.2026Қаралғаны: 321 рет
ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Болашақ» университетінде Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Шараға Қызылорда облысының дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Сәкен Мінуарұлы Алдашбаев қатысты.
Сәкен Мінуарұлы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды түсіндіру, радикалды діни ағымдардың ықпалына қарсы тұру және интернет кеңістігіндегі деструктивті ақпараттардан сақтану мәселелері жайлы жан-жақты мағлұмат беріп, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтаудың маңызын түсіндірді.
Осындай ақпараттық-түсіндіру шаралары жастардың діни сауаттылығын арттыруға, олардың бойында сыни ойлау мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз қоғамдық ортаны құруға көмектеседі.
Қазақша
Русский
English














