1200 ЖАСПЕН «BIR TOLQYNDA» КЕЗДЕСУ
Енгізілді: 15.09.2026Қаралғаны: 324 рет
1200 ЖАСПЕН «BIR TOLQYNDA» КЕЗДЕСУ
«Болашақ» университетінің «Bolashak Hall» концерт залында 1200 студенттің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – оқу орнымен тығыз қарым-қатынас орнатып, жастарға «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымының негізгі мақсаты мен жүзеге асып жатқан жобалары туралы таныстыру.
Сонымен қатар қатысушы жастарды волонтерлікпен айналысуға шақырып, бұрыс әрекеттерден алшақ болуын түсіндіру.
Кездесуге Қызылорда қаласының блогерлері мен Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері де қатысты.
Жиында қатысушы жастар өз сауалдарын қойып, еркін форматта әңгіме өрбітті.
Қазақша
Русский
English














