БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Енгізілді: 30.10.2026Қаралғаны: 321 рет
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2026 жылғы Жолдауы еліміздің стратегиялық даму бағыттарын айқындап, қоғам алдындағы маңызды міндеттерге назар аудартады.
Еліміз үшін білім беру мен ғылымды дамыту, адами капиталдың сапасын жақсарту және жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасау мәселелері ерекше маңызды. Себебі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі еңалдымен білімді, кәсіби білікті, жаңашыл ойлайтын және ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың қалыптасуымен өлшенеді.
Қазіргі цифрлық дәуірде жоғары білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер тұр. Жасанды интеллект пен озық технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу, ғылыми зерттеулерді дамыту, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау – уақыт талабы. Бұл ретте оқытушының миссиясы тек білім берумен шектелмейді. Ол – кәсіби құзыреттілігі жоғары, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, сыни ойлайтын және қоғамға пайдасын тигізетін тұлға қалыптастыруға үлес қосушы.
Білімге салынған инвестиция – еліміздің ертеңіне салынған инвестиция. Сондықтан жоғары білім мен ғылымды қолдау, оқытушының кәсіби әлеуетін арттыру және жастардың зияткерлік мүмкіндіктерін дамыту еліміздің ұзақ мерзімді өркендеуінің маңызды алғышарты болып табылады.
Біздің міндетіміз – білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы мемлекетіміздің тұрақты дамуына үлес қосу, сапалы білім мен адал еңбекті қоғамның басты құндылықтарына айналдыру.
Ғылымымыз өркендеп, білімді ұрпақтар қатары көбейе берсін!
Ескунеева М.Е.,
Қызылорда «Болашақ» университеті
«Жаратылыстану және өнер» кафедрасының меңгерушісі
Қазақша
Русский
English














