«ЖҰЛДЫЗДЫ ГИД» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ

Енгізілді: 02.11.2026Қаралғаны: 12 рет

«ЖҰЛДЫЗДЫ ГИД» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ

 

Қызылорда «Болашақ» университетінің ұжымы «Жұлдызды гид» жобасы аясында Қызылорда облыстық өлкетану музейінде ұйымдастырылған мазмұнды да мағыналы мәдени іс-шараға қатысты.

 Шараның  құрметті қонағы Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров болды.

 Кездесу барысында мәдениет пен өнердің қоғамдағы орны, театрдың рухани тәрбие берудегі маңызы, шығармашылық ізденіс пен өнер жолындағы тәжірибелер жайлы кеңінен сөз қозғалды.

Өнер майталманымен жүздесу  қатысушылар үшін үлкен тағылым, рухани азық және шабыт көзі болды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың мәдени танымын кеңейтіп, өнерге деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз.

Тағылымды кездесуге қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен Асхат Маемировке алғыс, ұйымдастырушыларға  осындай мазмұнды мәдени жобаны жүзеге асырғаны үшін ризашылығымызды білдіреміз.   

 Өнеріміз өркендеп, руханиятымыз биіктей берсін!